Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 Бұйрығы
(2011.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2010.09.07. № 365 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңның 5-бабы 11) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ж. Түймебаев |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
______________ А. Дерновой
2008 жылғы «___»_________
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
№ 161 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2010.09.07. № 365 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
ережесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.30.05. № 224 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)